
Ү.ж. 3 ақпанында Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Бас прокуроры Ирина Венедиктовамен кездесті.
Сұхбат барысында тараптар қолданыстағы келісімдерге сәйкес екі елдің прокуратура органдары арасындағы ынтымақтастықты арттыру, оның ішінде халықаралық құқықтық көмек көрсету мәселелерін талқылады. Осы тұрғыда, делегациялардың өзара алмасуы арқылы Қазақстан мен Украинаның құзыретті органдары арасындағы байланысты кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Өз кезегінде Украинаның Бас Прокуроры И.Венедиктова екі ел арасындағы құқықтық сала бойынша тәжірибе алмасу қажеттігін атап өтті және цифрландыру мәселелерінде, сондай-ақ инвестицияларды қорғау саласындағы Қазақстанның тәжірибесін зерттеуге қызығушылық білдірді.