Қазақстанның Украинадағы Елшілігі украиндық саяси және сарапшылар қауымдастығымен байланыстар орнатуды жалғастыруда

Қазақстанның Украинадағы Елшілігі украиндық саяси және сарапшылар қауымдастығымен байланыстар орнатуды жалғастыруда

Ү.ж. 22 қаңтарда Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинадағы жетекші украиналық сарапшылармен және саясаткерлермен бірқатар кездесулер өткізді.

Украинадағы құмық диаспорасының жетекшісі О.Дадашовпен түркітілдес халықтар арасындағы диалогты дамыту мәселелерін, соның ішінде Украинада бірлескен іс-шаралар өткізу арқылы талқылады.

Ұлттық педагогика ғылымдары академиясының президенті В.Кременьмен кездесу барысында Қазақстан мен Украина арасындағы білім беру және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Сонымен бірге, В.Кремень Қазақстанның ұлттық қазақ тілінің алфавитін латын графикасына көшіру тәжірибесіне тоқталып, оның Украина үшін құндылығын атап өтті.

Разумков атындағы Украинаның экономикалық және саяси зерттеулер орталығының президенті Ю.Якименкомен әңгімелесу кезінде украиндықтардың Қазақстанға деген көзқарасы туралы бірнеше жаңа деректер келтірілді, олар жалпы оң сипатталады.

Тараптар Қазақстан мен Украинаның дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды терең талдау, ынтымақтастық тәжірибесі туралы елдер азаматтарының хабардарлығын кеңейту мақсатында ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаласты.