Қазақстанның Украинадағы Елшілігінде Владимир Кличкомен кездесу өтті

Қазақстанның Украинадағы Елшілігінде  Владимир Кличкомен кездесу өтті

Ү.ж. 21 қаңтарда Қазақстанның тумасы, көрнекті спортшы, «барлық замандар мен халықтардың» үздік боксшыларының бірі Владимир Кличко Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігіне келді.

Елшіліктің қызметкерлерімен кездесу барысында В.Кличко Қазақстандағы өмір туралы естеліктерімен бөлісті. Ол өзінің туған жері - Кличко отбасы біраз уақыт өмір сүрген Жамбыл облысының Құлан ауылына, ал ағайындылар - болашақ чемпиондар мектепке барған сапарлары туралы ерекше жылулықпен айтты. Чемпионның айтуынша, Қазақстан және оның бауырлас халқы оның жүрегінде мәңгі қалады.

Владимир Кличко өзінің кәсіби спорттық мансабын аяқтағаннан кейін әр түрлі спорттық, гуманитарлық, инвестициялық және қайырымдылық жобаларын белсенді түрде жүзеге асырып жатқандығын баса айтты. Осы тұрғыда ол Қазақстан Республикасындағы бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Елшісі Дархан Кәлетаевтың бірқатар ұсыныстарын қолдады.