Киевте Қазақстанның Украинадағы Елшісі Украинаның Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының директорымен кездесу өткізді

Киевте Қазақстанның Украинадағы Елшісі Украинаның Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының директорымен кездесу өткізді

Ү.ж. 19 қаңтарда Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Александр Литвиненкомен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар екі елдегі негізгі саяси және экономикалық тенденциялар туралы ақпарат алмасты. Атап айтқанда, Елші Қазақстан Республикасындағы парламенттік сайлау науқанының нәтижелері туралы хабарлады. Сонымен бірге, ол Қазақстанда Украинаның халық депутаттар тобы мен украиналық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сайлауын халықаралық байқауларға белсенді қатысуын жоғары бағалайтындығын баса айтты.

Д.Кәлетаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту жоспарлары туралы, сондай-ақ Қазақстан-украиналық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы айтты.

Өз кезегінде А.Литвиненко Институттың қызметі туралы, оның ішінде қазіргі жобалар туралы ақпарат берді. Осы тұрғыда тараптар тиісті Меморандумдар жасасу және бірлескен іс-шаралар өткізу арқылы НИСИ мен қазақстандық сараптамалық құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.