
Ү.ж. 20 қаңтарда Қазақстанның Украинадағы Елшісі Д.Кәлетаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы мен Украина судьяларының ұлттық мектебі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға онлайн форматындағы ресми қол қою рәсіміне қатысты.
Меморандум екі елдегі сот жүйесі үшін жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған Қазақстан Республикасы мен Украинаның екі мемлекеттік сот білім беру мекемелері арасындағы серіктестік қатынастарды орнату және ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында жасалды.
Қазақстандық тараптан Меморандумға академияның ректоры - З.Х.Баймолдина, украиналық тараптан - Ұлттық мектептің ректоры Н.В.Онищук қол қойды.