
Ү.ж. 16 қаңтарында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының директоры Артем Сытникпен кездесті.
Сұхбат барысында тараптар екі елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы іс-шаралар туралы ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы осы саладағы ынтымақтастықты арттыруға қызығушылықтарын растады.
Осыған орай, тұрақты ақпарат пен тәжірибе алмасу тетіктерін әзірлеу, оның ішінде екі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдары басшыларының сапарларын ықтимал ұйымдастыру арқылы келісімдерге қол жеткізілді.