Қазақстанда «KazAID» Халықаралық даму агенттігі құрылды

Қазақстанда «KazAID» Халықаралық даму агенттігі  құрылды

2020 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 861 қаулысымен «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ құрылды.

Бұл құрылым іс жүзінде дамуға ресми көмек көрсетудің ұлттық жүйесін институттандыруға және жүйелеуге мүмкіндік береді.

Бастапқы кезеңде «KazAID» агенттігінің қызметі бірқатар ірі донорлық ұйымдар - MASHAV (Израиль), USAID (АҚШ), GIZ (Германия), AFD (Франция), TIKA (Түркия), JICA (Жапония), KOICA (Оңтүстік Корея) және басқалармен ынтымақтастық туралы тиісті екі- көпжақты келісімдер жасасу арқылы өзара әрекеттесу орнатуға бағытталады.