Киевте ТҮРКСОЙ Бас хатшысының атынан «Абай» мерейтойлық медалін тапсыру өтті

Киевте ТҮРКСОЙ Бас хатшысының атынан «Абай» мерейтойлық медалін тапсыру өтті

Ү.ж. 25 желтоқсанында Украинадағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде ТҮРКСОЙ-дың «Абай» мерейтойлық медалін тапсыру рәсімі өтті.

Абай мұрасын насихаттау ісіне қосқан үлесі үшін медальдар «Абайдың қара сөздерін» украин тіліне аудармашысы, профессор Николай Васькивке, Киевтегі «Достық» қазақтар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәнияр Егамбердиевке, Қазақстан Республикасының Харьковтегі құрметті консулы Эмин Наджафлиге, сондай-ақ Қазақстанның Елшісі Дархан Кәлетаевқа берілді.

Марапаттарды табыс ете отырып, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Абайдың 175 жылдығы қазақ халқының көрнекті ұлының өшпес мұрасының өзектілігі мен сұраныстығы тағы бір рет растағанын баса айтты. Сонымен қатар, Абайдың көпқырлы тұлғасы, оның әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау және тағы басқалар әр түрлі елдердегі халықтар арасындағы гуманитарлық және басқа байланыстарды нығайтудың маңызды факторлары болып табылады, - деп атап өтті Д.Касейінов.

Николай Васькив Абайдың философиялық трактатын украин тіліне аударуда көрсетілген құрмет үшін алғыс айтты. Ол үшін бұл қызықты және сонымен бірге қиын тәжірибе болды, бұл оған қазақ халқының ойлары мен тілектерін, өзіндік ерекшелігін, дәстүрлері мен мәдениетін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Ол сонымен қатар украиналық көрермендердің «Абайдың қара сөздерін» жақсы қабылдағаны туралы хабарлады. «Оқырмандардың әрқайсысында осы терең кітаптан үйренуге болатын нәрсе бар», - деп түйіндеді украин профессоры.