Украина Жоғарғы Радасының халық депутаты И.Г.Кириленко Қазақстанның мемлекеттік наградасымен марапатталды

Украина Жоғарғы Радасының халық депутаты И.Г.Кириленко Қазақстанның мемлекеттік наградасымен марапатталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Украина Жоғарғы Радасының халық депутаты, «Батькивщина» саяси партиясы басшысының бірінші орынбасары Иван Григорьевич Кириленко «Достық» құрметті ордені Қазақстан-украиналық қатынастарын дамыту мен нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Қазақстанның Украинадағы Елшілігі Иван Григорьевичті Қазақстанның мемлекеттік наградасымен құттықтайды және достас Украинаның игілігі жолындағы алдағы қызметінде сәттілік тілейді.