
Ү.ж. 11 желтоқсанында Харьков қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев аймақтағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті.
Жылы және жайбарақат әңгіме барысында олар Украинада қазақ мәдениетін, тілі мен дәстүрін насихаттаудың бірлескен жоспарларын талқылады. Елші Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығында Украина қазақтарының кіші құрылтайын өткізу, қазақ студент жастарының қауымдастығын құру және басқа да бірқатар іс-шаралар туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, ол мұндай іс-шаралар отандастарды біріктіретінін, олардың арасындағы көлденең байланыстарды кеңейтетінін және олардың жалпы міндеттерін шешуде үйлесімді болуына мүмкіндік беретіндігін баса айтты.
Қазақстандық дипломат ү.ж. желтоқсанында Киевте ашылған «Абай» мәдени-іскерлік үйі түрлі мәдени және іскерлік жобаларды іске асырудың жаңа әмбебап алаңына айналғанын атап өтті. Осыған орай, әлемдегі қазақтардың мәдени мұраларын танымал етуге бағытталған «Отандастар» қазақстандық корымен неғұрлым белсенді өзара әрекеттесу қажеттілігіне назар аударылды.
Ол, сондай-ақ, Харьковта Ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында Құрметті консулдық өткізген қазақ мәдениеті кешін жоғары бағалады.