Киевте «Абай» мәдени-іскерлік үйінің ресми ашылуы өтті

Киевте «Абай» мәдени-іскерлік үйінің ресми ашылуы өтті

Ү.ж. 30 қарашасында Киевте «Достық» қазақ қоғамында «Отандастар» қоры мен Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің қолдауымен «Абай» мәдени-іскерлік үйінің ресми ашылуы өтті.

Іс-шараны аша отырып, Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Абай үйінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында құрылуы бұл іс-шараға ерекше мағына мен рәміз беретіндігін атап өтті. Ол Украинадағы қазақ диаспорасы әртүрлі мәдени және іскерлік жобаларды, соның ішінде Қазақстанмен және басқа елдердегі осындай құрылымдармен өзара әрекеттесу арқылы шоғырландыру, жаңа бірегей алаңға ие болып жатқанын баса айтты.

«Отандастар» қорының Вице-президенті Мағауия Сарбасов Абайдың 175 жылдығы аясындағы қордың жұмысы туралы, оның ішінде қазақ мәдениетін шетелде таныту бойынша халықаралық гуманитарлық желіні құру, қазақ диаспорасы өкілдеріне ана тілін үйрену үшін жағдайлар жасау және т.б. атап өтті. Осыған орай, ол «Достық» қоғамына қазақтың ұлттық киімдері мен аспаптарын, Абайдың басылымдарын, әдістемелік және оқу-әдістемелік құралдарды және т.б. тапсырды.

«Достық» қазақ қоғамының төрағасы Данияр Егамбердиев «Отандастар» қорына «Қоржын» және Украинадағы қазақ диаспорасының дәйекті қолдауы үшін алғысын білдірді.

Ресейдің «Муз-ТВ» арнасының бас директоры Арман Давлетьяров құрметті қонақ болды. Абайдың көрнекті мәдени мұрасын растай отырып, ол Киевте болғанда ұлы ақынның өлеңін оқыды. Ол Абайды шетелде танымал етуді одан әрі насихаттауға дайын екендігін білдірді.

Абай үйінің ашылуынан кейін Елшілік пен «Достық» қоғамы Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Менің Қазақстаным» тақырыбында қазақ диаспорасы балалары арасындағы байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді.