Украинадағы Қазақстанның Елшісі Д.Кәлетаевтың Украинаның Мәдениет және ақпараттық саясат министрі А.Ткаченкомен кездесу өтті

Украинадағы Қазақстанның Елшісі Д.Кәлетаевтың Украинаның Мәдениет және ақпараттық саясат министрі А.Ткаченкомен кездесу өтті

Ү.ж. 5 қазанында Украинадағы Қазақстанның Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Мәдениет және ақпараттық саясат министрі Александр Ткаченкомен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру, оның ішінде шығармашылық топтармен алмасу, сондай-ақ бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Украинаның Мәдениет және ақпараттық саясат министрлігімен этносаралық қатынастар және диаспора саласындағы өзара әрекеттесуінің мәселелері де талқыланды.