
«Құрық» теңіз порты мен «Транскаспий халықаралық көлік дәлізі» қоғамдастығының басшылығы және ҚР Украинадағы Елшілігінің өкілдері құрамындағы қазақстандық делегация Херсон қаласында өткен VІІ Балтық-Қара теңіз экономикалық форумаға қатысты.
Іс-шараның мақсаты – COVID-19 пандемиясы ахуалында Азия-Еуропа көлік-логистикалық тізбегін дамыту және экономикалық қауіпсіздік белдеуін қалыптастыру бойынша келісілген шараларды әзірлеу.
Елшіліктің дипломаттары Қазақстанның шетелдік инвестицияларды тарту тәжірибесімен бөлісіп, елде бизнес жүргізу үшін жасалған жағдайлар және қазақстандық-украиналықкооперациялық ынтымақтастығының басым бағыттары туралы хабарлады.
TMTM қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары Лейла Батырбекова баламалы транскаспийлік бағыттың артықшылықтарын атап кетіп, Жаңа Жібек жолы бағыты арқылы өтетін жүктердіукраиналық порттарға тартуға болатынына назар аударды.
«Құрық» теңіз портының Бас директоры Серік Ахметов Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуеті, теңіз портының мүмкіндіктері, сондай-ақ оны әрі-қарай дамытудың жоспарлары туралы егжей-тегжейлі хабарлады.
Форум алаңында Каспий теңізі акваториясында жаңа маршруттар құруды көздейтін «Құрық» порты мен «Түркмен Милли Логистик» ААҚ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, «Құрық» порты мен Херсон мемлекеттік теңіз академиясы арасында ынтымақтастық туралы келісім де жасалды. Бұл құжат тәжірибе алмасуды, ғылым мен кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты көздейді.