Меню

Страницы

Статья

Транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасы мен Үндістан Республикасының азаматтары үшін жетпіс екі сағаттық визасыз режим туралы ақпарат

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру,сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізілуіне орай, Нұр-Султан және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасы мен Үндістан Республикасының азаматтары үшін 2019 жылғы 31 желтоқсандағы сағат 23.59 дейін Қазақстан Республикасына кірудің, онда болудың, одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимі орнатылды.

Жетпіс екі сағаттық визасыз режим қазақстандық авиакомпаниялармен Нұр-Султан және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы үшінші елдерге транзитпен өтетін ҚХР және ҮР азаматтарына оларда қазақстандық авиакомпаниялардың жарамды авиабилеттері болған жағдайда қолданылады.

Жетпіс екі сағаттық визасыз режимді пайдаланатын ҚХР және
ҮР азаматтарына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту уақытын көрсете отырып, көші-қон карточкаларын береді.

Қазақстандық авиакомпаниялар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне транзитпен өтетін және жетпіс екі сағаттық визасыз режимді пайдаланатын ҚХР және ҮР азаматтарының тізімін рейс Нұр-Султан және Алматы қалаларының халықаралық әуежайларына келгенге дейін береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан үшінші елдерге шығу үшін өз рейстеріне келмеген, сол сияқты Қазақстан Республикасында жетпіс екі сағаттық визасыз болу режимін бұзған ҚХР және ҮР азаматтарын іздестіру іс-шараларын жүргізуге жәрдемдеседі.

ҚХР және ҮР азаматтары осы тармақта көзделген жетпіс екі сағаттық визасыз режимді бұзған жағдайда кету бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін иммигранттар төлейді. Аталған адамдардың қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған кезде көрсетілген адамдардың кетуін оларды жеткізген қазақстандық авиакомпаниялар өз қаражаты есебінен ұйымдастырады.

Дата публикации
17 апреля 2018
Дата обновления
03 октября 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 мая 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
Ақпарат
23 мая 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
23 мая 2025
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары