Меню

Страницы

Статья

Екіжақты қарым-қатынастар

1992 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі ашылды. 1994 жылдың мамырында Украинаның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі өз жұмысын бастады. 2025 жылғы 5 мамырдан Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Барлыбаев Төлежан Тұрсынұлы тағайындалды.

Қазақстан мен Украина арасында екіжақты байланыстар және халықаралық іс-шаралар шеңберінде жүйелі саяси диалог орныққан.

Қазақстан-Украина қарым-қатынастарының маңызды кезеңі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Киевке жұмыс сапары (2014 жылғы 22 желтоқсан), сондай-ақ Украина Президенті П.А.Порошенконың Нұр-Сұлтанға ресми сапары (2015 жылғы 8-9 қазан) болды. Бұл сапарлар өзінің жаңа параметрлері мен оларға қол жеткізу жөніндегі шараларды анықтауға мүмкіндік, тұрақты екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай дамыту үшін тараптардың ниетін растады.

Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақтастықтың серпінді дамуының факторы 100 келісімді қамтитын дамыған құқықтық база болып табылады. Оның негізгісі 1994 жылғы 20 қаңтарда жасалған Достық және ынтымақтастық туралы шарт. Халықаралық шарттар экономика, қауіпсіздік, гуманитарлық мәселелер, білім беру және т.б. көптеген мәселелерді қамтиды.

Қазақстан мен Украина халықаралық ұйымдар аясында тығыз әрекеттестік жасауда. 2011 жылы Қазақстанның Украинаға ЕҚЫҰ-ның төрағалығын тапсыруы өте маңызды оқиға болды. 2016 жылы қос ел де БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері болды.

Парламентаралық байланыстар жоғары деңгейде жұмыс жасауда. ЕҚЫҰ ПА, ЕКПА және т.б. халықаралық парламенттік құрылымдар аясында белсенді әрекеттестік орнатылған. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен Украина Жоғарғы Рада депутаттарынан құрылған қазақстандық-украиналық парламентаралық байланыс топтары табысты жұмыс жасауда.

Дата публикации
24 февраля 2020
Дата обновления
28 апреля 2026
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
23 мая 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
Ақпарат
23 мая 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
23 мая 2025
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары