ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2021 жылғы 10 қаңтарда 07:00-ден 20:00 дейін Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі жанындағы №268 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беру өтеді.
Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.
Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.
Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі жанындағы №268 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Украина аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (Аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) kiev@mfa.kz, consul.kiev@mfa.kz электрондық мекенжайға «Сайлау-2021» белгісімен алдын ала жіберу қажет.
Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:
044 483 15 96
044 489 10 31
044 227 64 10