![]() |
Қазақстан Республикасының Украинадағы Консулы: Бегалимов Бауыржан Зайкенұлы
Байланыс нөмірлері: Жұмыс тел.: +38 (044) 489-10-31, кеңес беру уақыты – күн сайын, сәрсенбі мен демалыс күндерінен басқа, сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін. Ұялы тел.: +380673470408 (тәулік бойы, тек өмірге, денсаулыққа немесе қауіпсіздікке төнген жағдайда) E-mail: konsul.kiev@gmail.com |
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары бекіткен ҚР қолданыстағы нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының Консулдық Жарғысына және Қазақстан Республикасы 1993 жылдың көктемінде қосылған 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясына сәйкес ҚР азаматтары мен шетел азаматтары үшін қызметтер көрсетеді.