Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Экономикалық ынтымақтастық қазақстандық-украиналық қатынастардың басым бағыттарының бірі.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша мемлекетаралық комиссия нәтижелі қызмет етуде, оның 13-ші отырысы 2017 жылғы маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізілді.

Ауыл шаруашылық саласында ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Ақмола, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар сүт өндіруші шаруашылықтары Украина сүт өндірушілері ассоциациясына кіретін украин компанияларымен тығыз қарым-қатынас орнатқан.

Ауыл шаруашылық машиналарын жасау саласындағы ынтымақтастық айтарлықтай қарқын ала бастады. Қазақстандық компаниялар Украина машина жасаушылар лигасына кіретін украиндық кәсіпорындардың қатысуымен ауыл шаруашылық техникаларын шығаратын бірлескен кәсіпорын құрды.

Атом саласындағы ынтымақтастық жүйелі дамуда. Украина АЭС-терінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, сондай-ақ жылу шығаратын құрылғыларды шығаруды ұйымдастыру шеңберінде украиналық компаниялармен тығыз жұмыс жүргізілуде.

Көлік саласында, отын-энергетикалық кешені саласында, бірлескен ғарыштық жобаларды жүзеге асыру және т.б. ынтымақтастық жалғасып жатыр.

Жұмыс істеп тұрған бірлескен қазақстандық-украиндық кәсіпорындардың саны 950-ге жетті.

Екі жақты сауда айналымы 2018 жылдың қорытындысы бойынша 1,5 млрд. АҚШ долл. жетті.

ҚР-дың Украинаға экспорттайтын негізгі тауар түрлері: минеральды өнімдер (газ, тас көмір) – 78,5%; қара металлдар (цинк, прокат, ферроқорытпа) – 8,9%; химиялық өнеркәсіп өнімдері (тыңайтқыштар, сульфаттар, эфир) – 4% және т.б.

Сонымен қатар, Украинадан ҚР-ға келесі тауарлар импортталады: дайын өнімдер, жануар және өсімдік өнімдері (уыт сіріндісі, тоңазытылған ет, сүт, ірімшік, сары май, жарма, кондитерлік өнімдер) – 37% , химиялық өнеркәсіп өнімдері (дәрілік заттар) – 5,5%, машиналар, жабдықтар, механизмдер (турбиналар, сорғылар, вагондар, қосалқы бөлшектер) – 16,5%, қағаздан жасалған бұйымдар (түсқағаздар) – 1,2% және т. б.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары