Қазан, 2026 жылғы 16 қазан – Қазан қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырды.
Татарстан Республикасының Ғылым академиясының қолдауымен дөңгелек үстел өткізілді, оның жұмысына ғылыми және сараптамалық топтардың, қоғамдық ұйымдардың, дипломатиялық орталардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы туралы баяндады, іс-шараға қатысушыларды елдің 35 жыл ішіндегі негізгі кезеңдері мен оқиғаларымен таныстырды. Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту, БҰҰ қызметі, конфессияаралық келісімді ілгерілету, конституциялық реформаларды дамыту және т.б. салаларда күш салды.
Сарапшылар ғылым, экономика және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Негізгі назар өнеркәсіптік кооперацияға, бірлескен зерттеулерге, студенттер алмасуға және мәдени мұраны сақтауға аударылды. Сондай-ақ демографиялық үрдістер және екі халықтың көрнекті тұлғаларын зерттеудегі ғалымдардың ынтымақтастығы талқыланды. Дөңгелек үстел қазақстан-ресейлік қатынастар шеңберінде Қазақстан мен Татарстан арасындағы байланыстарды нығайтудың маңызды алаңына айналды.
Сонымен қатар, Республика күні қарсаңында С.Сайдашев мұражайында қазақ музыкасы күні, Мемлекеттік үлкен концерт залының сахнасында Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрінің концерті және қазақ ұлттық тағамдарынан фуршет ұйымдастырылды.
Сол күні Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Құрметті Төрағасы, қазақстандық парламентаризмнің дамуы мен қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан Фарид Мұхаметшинге «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалі салтанатты түрде табыс етілді.
Салтанатты шараға Қазан қаласында аккредиттелген шетелдік бас және құрметті консулдықтардың басшылары, мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, сондай-ақ іскер топтардың, БАҚ-тың және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Қазан, 2026 жылғы 10 тамыз - Қазақ философы, ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 181 жылдығына орай Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулдығының өкілдері мен қазақ қауымы оның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Қазақстанның Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов сөз сөйлеп, Абай шығармаларының негізгі тақырыбы – адамгершілік пен ізгілік мәселелері екенін атап өтті. Абай мұрасы бүгінгі және келер ұрпақтардың рухани мұраттарын қалыптастырып, шабыттандыра беретіні, оның Қазақстан қоғамы үшін өзектілігі мен маңыздылығы жоғары екендігі айтылды.
Гүл шоқтарын қою рәсімі – ұлттық әдебиет, философия және білім саласын дамытуға қосқан орасан үлесін мойындау әрі оның келер ұрпаққа аманат еткен адамгершілік құндылықтарына деген құрметтің белгісі болды.
Абай күнін мерекелеу қазақ және татар тілдерінде өлең оқып, ән шырқаумен жалғасты.
2024 жылы Назарбаев пен Качалов көшелерінің қиылысында бюст орнатылып, Қазақстан мен Татарстан арасындағы достық пен мәдени байланыстың айрықша белгісіне айналды. Бюсттің авторы – Қазақстанның танымал мүсіншісі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Нұрбол Қалиев.
1955 жылдан бастап Қазан қаласының бір көшесі Абай Құнанбаев атын иеленді, 2024 жылы Қазан федералды университетінің Филология және мәдениетаралық коммуникация институты жанынан Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениетінің ғылыми-білім беру орталығы ашылды.
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының (бұдан әрі–МӘМС туралы Заң) талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымдарында білім алуына байланысты елден тыс жерге шығатын және шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары бойынша берешегінің қалыптасуына жол бермеу мақсатында, келесіні хабарлаймыз.
МӘМС туралы Заңның 26-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес «орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар» үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды мемлекет төлейді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-333/2020 бұйрығымен бекітілген «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқық беру» Қағидаларының 48-тармағына сәйкес, студенттердің тізімі (шетелдік, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҒЖБМ) ақпараттық жүйесінен алынатын мәліметтер негізінде қалыптастырылады.
Сонымен қатар, КЕАҚ «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, сақтандырылған мәртебені ақпараттық жүйеде уәкілетті мемлекеттік органдардан келіп түсетін жеңілдікті санаттағы азаматтар туралы мәліметтер негізінде автоматты түрде береді. Тәжірибе көрсеткендей, шетелдік білім беру ұйымдарында оқитын көптеген студенттердің ақпараттық жүйеде «студенттер» жеңілдікті санаты бойынша тіркелмейтіндігі анықталды. Соның салдарынан олар МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырылады.
Қазақстан Республикасына келгеннен кейін аталған азаматтар шетелдік білім беру ұйымдарында оқитын студент ретінде тіркелу жөніндегі мемлекеттік қызметті алу үшін жүгінеді. Мемлекеттік қызметті көрсетудің белгіленген мерзімін ескере отырып (15 жұмыс күніне дейін) МӘМС жүйесінде медициналық көмекке қол жеткізу Қазақстан Республикасының аумағында болған кезеңде іс жүзінде мәліметтерді өзектендіру рәсімі аяқталғанға дейін кейінге қалдырылады.
Осыған байланысты, шетелдік жоғары оқу орнында білім алатын студент ретінде оқу ұйымының анықтамасын қоса бере отырып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық қызметтерге қол жеткізу үшін (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі көрсететін мемлекеттік қызмет болып табылады) электрондық үкіметтің egov.kz порталында алдын ала тіркелу керектігін хабарлаймыз. Студент Қазақстан Республикасына келген кезде сақтандырылған болуы үшін мұндай хабарлауды (1-курста оқып жүрген кезінде) жүзеге асыру орынды деп санаймыз.
Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау және МӘМС бойынша жарналар жөніндегі ықтимал берешектің қалыптасуының алдын алу мақсатында, сонымен қатар, студенттердің жеңілдікті мәртебесін уақтылы өзектендіру үшін жоғарыда аталған мемлекеттік қызметті алу қажеттігін хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Татарстан Мемлекеттік кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Марат Ахметовпен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Татарстан ғылыми-зерттеу кешенінің ұйымдары арасындағы медициналық кадрларды даярлау және академиялық әріптестік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасылды. Атап айтқанда, тараптар Қарағандыда тәжірибе жүргізіп жатқан ординаторлар мен дәрігерлер үшін «қос диплом бағдарламасын» бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Федералдық деңгейде Қазанда шетелдік дәрігерлерді қайта даярлау орталығын құру туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, Қазақстанның медициналық ғылыми білім беру мекемелерінің басшыларынан құралған делегация Татарстанның денсаулық сақтауды ұйымдастыру және сала үшін кадрлар даярлау саласындағы тәжірибесімен танысты.
Кездесу соңында ынтымақтастықты дамытуға, делегацияны зерттеу және тәжірибе алмасу бойынша жіберуге, ғалымдардың халықаралық іс-шараларға қатысуына жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қазан, 2026 жылғы 5 шілде - Қазақстанның Қазандағы Бас консулдығының, Қазан федералдық университеті мен «Алмет» қоғамдық орталығының қолдауымен Қазан мен Альметьевсктегі Ұлттық домбыра күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қазақтардың «Қазақстан» ұлттық-мәдени автономиясының жастар қанаты мен түркі музыкалық аспаптары көрмесінің орындауында ұлы композиторлар Құрманғазы Сағырбаевтың, Дина Нұрпейісованың, Тәттімбет Қазанғапұлының және т.б. шығармалары орындалды.
Өнер көрсетілімдері үлкен қызығушылық тудырып, бұл музыкалық аспаптың өткенде қалмай, дәстүр мен қазіргі заман арасындағы көпір қызметін атқарып, жаңа жанрларға бейімделе алатынын айқын көрсетті.
Екі республиканың тығыз екіжақты байланыстарын нығайту ісінде бұл іс-шаралар кезекті маңызды оқиғаға айналып, қазақ мәдениетін насихаттауға қосылған үлес болды әрі бірегей атмосфера мен көрерменнің эмоционалды қабылдауын біріктірді.
Татарстанда қазақ және татар қоғамдастығының күш-жігерімен домбырада ойнауға үйрететін курстар ашылды.
Астана күнін мерекелеуге байланысты, Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы 6 шілде күні жабық болады.
Осыған байланысты, азаматтарды қабылдау, сондай-ақ телефон арқылы кеңестер жүргізілмейді.
Бас консулдыққа келуіңізді алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.
Саратов, 2026 жылғы 22 маусым – Қазақстан Республикасының Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Саратов облысына жұмыс сапары барысында облыстың Экономикалық даму министрі Андрей Разборов және Саратов облыстық Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Илья Буткомен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екі мемлекеттің ортақ шекарасына сүйене отырып, өзара тиімді әріптестіктің белсенді дамып жатқанын атап өтті. Мәдени-гуманитарлық іс-шаралар мен іскерлік миссиялар және форумдар тұрақты түрде өткізіліп, экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда.
Қазақстандық дипломат елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы, 2026 жылы өткізілетін халықаралық форумдар туралы ақпарат берді. Саратов облысы сыртқы сауда айналымы бойынша жетекші орын алады, өткен жылы бұл көрсеткіш 15%-ға өсті. Облыс аумағында қазақстандық тараппен бірлескен 27 кәсіпорын тіркелген. Бас консулдықтың жоспарында – Саратов қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулы кеңсесін ашу, бұл аймақаралық өзара іс-қимылды дамытуға септігін тигізеді.
Сонымен қатар Андрей Разборов мұндай сапарлар аймақаралық ынтымақтастықтың маңызды бөлігі екенін және тек тәжірибе алмасуға ғана емес, сонымен бірге бірлескен жобаларды іске асыру бойынша нақты қадамдар белгілеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол Қазақстан Саратов облысының экспорт көлемінде ІІ орында тұрған ел ретінде, екіжақты байланыстарды нығайту және белсенді өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін білдірді. Облыс білім саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі, мұнда 300-ден астам қазақстандық студент білім алуда.
Сол күні Саратов облысының өнеркәсіптік, мәдени және әлеуметтік маңызы бар нысандарына баруы ұйымдастырылды.
Нижний Новгород, 2026 жылғы 21 мамыр – Қазақстан Республикасының Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақовтың Нижегород облысына жұмыс сапары өтті.
Облыс басшысы Глеб Никитинмен кездесу барысында екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері, оның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы мәселелер талқыланды. Ұзақ мерзімді сауда-инвестициялық байланыстар жұмыс істейді, кәсіпорындардың бизнес-миссияларының белсенді алмасуы ұйымдастырылған. Қазақстан облыстың жетекші сауда серіктестерінің ондығына тұрақты түрде кіреді, ал Нижегород облысының тауар айналымының негізін машина жасау, мұнай-химия және металлургия салаларындағы экспорттық өнім мен шикізат, азық-түлік және жинақтауыш бөлшектер импорты құрайды. Нижний Новгородта Қазақстан Республикасының Құрметті консулының кеңсесін ашуға мүдделілік білдірілді.
«Нижегород облысының даму корпорациясы» АҚ Бас директоры Игорь Ищенко және Нижегород облысының Сауда-өнеркәсіп палатасы Вице-президенті Ольга Борисовамен кездесуде қазақ-ресейлік ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан өңірлері мен Нижегород облысы арасында шағын және орта бизнес өкілдерінің байланыстарын жандандыру жолдары қарастырылып, іскерлік ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары ұсынылды. Облыстың бизнес-өкілдерінің Қазақстанда өткізілетін халықаралық экономикалық іс-шараларға қатысуына қызығушылық танытылды.
Қазақстандық дипломат Н.И.Лобачевский атындағы Нижегород мемлекеттік университетіне барып, Қазақстан студенттерімен кездесті. Облыс білім беру саласында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделі, онда 156 қазақстандық студент білім алуда.
Сонымен қатар, Чкалов атындағы халықаралық әуежай және ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі кәсіпорындардың басшылығымен кездесулер өтті.
Сол күні дипломат «Ресей өнеркәсібінің цифрлық индустриясы» ХІ конференциясына қатысты, оның негізгі тақырыбы «Ресей өнеркәсібінің цифрлық тәуелсіздігі» болып белгіленген. ЦИПР конференциясын өткізудің басты мақсаты – цифрлық экономиканың дамуына жәрдемдесу және цифрлық технологияларды әртүрлі салаларда ілгерілету, сондай-ақ цифрландыру саласында халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту.
Қазақстан Халқының Бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні мерекелеріне байланысты, Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы 1, 7 және 11 мамыр күндері жабық болады.
Осыған байланысты, бұл күні азаматтарды қабылдау, сондай-ақ телефон арқылы кеңестер жүргізілмейді.
Бас консулдыққа келуіңізді алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.
Орынбор, 2026 жылғы 24 сәуір – Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Орынбор облысына жұмыс сапары барысында «Орынбор облысының кәсіпкерлік-өнеркәсіптік палатасы» одағының президенті Наталья Струнцовамен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Орынбор облысы арасындағы делегациялар алмасудың белсенді қарқынын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың үдемелі дамуын атап өтті.
Қазақстандық дипломат елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы, 2026 жылы өткізілетін халықаралық форумдар туралы ақпарат берді. Орынбор облысы Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі және маңызды көлік торабы болып қала береді. Қазақстан сыртқы сауда айналымы көлемі бойынша 25%-дан астам үлеспен және өңірлік экспорт бойынша Орынбор облысы ынтымақтасатын барлық елдердің арасында жетекші орын алады. Бұл көрсеткіш үлкен іске асырылмаған әлеуетті көрсетеді. Бас консулдық Орынбор қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулы кеңсесін ашуын жоспарлауда, бұл өңіраралық өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.
Өз кезегінде Наталья Струнцова серіктестік қатынастарды дамытуға өзара мүдделілік пен ынтымақтастық ауқымын кеңейту ниетін білдірді. 2025 жылы Қазақстан өңірлерінің Орынбор облысымен тауар айналымы 2024 жылмен салыстырғанда 11%-ға өсті және республика өңірдің шетелдік серіктесі ретінде 2-орынға ие болды. Негізгі экспорттық позициялар - отын-энергетика кешені өнімдері, азық-түлік тауарлары, қара металдар және бұйымдар, минералдық тауарлар, механикалық жабдықтар мен құрылғылар және т.б. Орынбор облысы білім беру саласында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделі, мұнда Қазақстанның 4000-нан астам студенті білім алуда.
Сол күні Орынбор облысының өнеркәсіптік, мәдени және әлеуметтік маңызы бар нысандарына бару жүзеге асырылды.