Саранск, 2023 жылғы 14-15 желтоқсан – Мордовия Республикасына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов өңір басшысы Артем Здуновпен кездесу өткізді.
Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі, оның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Қазақстандық дипломат еліміздегі реформалардың ауқымды курсының іске асырылып жатқан жұмысы, Қазақстанның өткізіліп жатқан халықаралық іс-шаралары, атап айтқанда "Астана" Халықаралық форумы, "ИННОПРОМ.Қазақстан" өнеркәсіптік көрмесі туралы айтып берді. Қазақстан-Ресей қатынастары шеңберінде екі республика арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейтуге, нығайтуға және Қазақстан Республикасының құрметті консулының Саранскіде кеңсесін ашуға Қазақстанның мүдделілігін растады.
Сонымен қатар, А. Здунов Қазақстан мен Мордовия арасында ұзақ мерзімді сауда-инвестициялық байланыстар жұмыс істейтінін және кәсіпорындардың бизнес-миссияларының белсенді алмасуы ұйымдастырылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан Мордовияның негізгі сыртқы сауда серіктесі болып табылады және елге экспортталатын республикалық кәсіпорындардың өнім көлемі шамамен 30% құрайды. Экспорттық позициялар кеңейтілуде: теміржол вагондары, талшықты-оптикалық кабель, ет, сүт өнімдері және жартылай фабрикаттар, талшықты-цемент және хризотилцемент бұйымдары.
Сол күні РФ СІМ Саранск қаласындағы өкілдігінің басшысы С.Старцевамен, Мордовия Сауда-Өнеркәсіп палатасының басшысы Р. Райымовпен, сондай-ақ "ЛАТО" АҚ Бас директоры М. Сәрсеновпен, Мордовия мемлекеттік университетінің ректоры Д. Глушкомен және қазақстандық студенттермен кездесулер өтті.