Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы

Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы

2023 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасы 2023-2024 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалықты қабылдап, Алматы қаласы аталған кезеңге ШЫҰ туристік және мәдени астанасы мәртебесін алды.

ШЫҰ-дағы Қазақстан Республикасының ағымдағы төрағалығының басымдықтары:

  1. ШЫҰ кеңістігінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету;
  2. сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту;
  3. энергетикалық ынтымақтастықты нығайту;
  4. цифрлық саладағы ынтымақтастықты кеңейту;
  5. экология саласындағы өзара іс-қимылды нығайту;
  6. мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту.