
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Премьер-Министрі коронавирус жұқтырған Михаил Мишустиннің індеттен тезірек жазылып кетуін тіледі.
Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
"Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустиннің індеттен тезірек жазылып кетуін тілеймін. Қазақстан мен Ресей коронавируспен күресте бірлесіп, белсенді жұмыс жүргізуде. Мен бірлескен қимылдарымыздың арқасында қиындықты еңсереміз деген ойдамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.