Қазақстанның Ресеймен сауда айналымы 3,8%-ға артқан

Қазақстанның Ресеймен сауда айналымы 3,8%-ға артқан

2020 жылғы қаңтар-ақпандағы Қазақстан Республикасының Ресеймен өзара саудасы $2,7 млрд. құрап, деп ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті хабарлайды. 2019 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 3,8%-ға артты.

Соның ішінде экспорт – $0,7 млрд. (8,3%-ға азайды), импорт – $2 млрд. (9,7%-ға өсті).

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына 19,7% келеді.