
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауының 30 жылдығын мерекелеу аясында РФ СІМ-нің Қазандағы өкілдігі мен Қазан қаласы мэриясының туризмді дамыту комитетінің қолдауымен ҚР Қазан қаласындағы Бас консулдығы қазақ мәдениеті күнін ұйымдастырды.
Тарихи мұраны сақтау және елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық, тарихи-мәдени қарым-қатынастарды дамыту мақсатында, сонымен қатар, Мұхтар Әуезовтың 125-жылдығына орай, Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Мұхтар Әуезовтің татар тіліне аударылған «Қараш-Қараш оқиғасы», «Көксерек», «Қилы заман» атты 3 шығармадан тұратын кітапты таныстырды.
Сонымен қатар, диаспора өкілдері қазақ музыкалық шығармаларын орындап және қонақтарға ұлттық тағамдардың мастер классы ұсынылды.
Іс-шараға Қазанда аккредиттелген шетелдік Бас және құрметті консулдықтардың басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ іскер топтардың, БАҚ және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.