
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толуына орай Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулдығы “Red Wings” авиакомпаниясының, Қазан қаласының туризмді дамыту комитетінің және Алматы қаласы әкімдігінің туризм басқармасының қолдауымен 2022 жылғы 9-12 желтоқсан аралығында Татарстанның туроператорлары, рестораторлары, БАҚ өкілдері мен блогерлері үшін Алматыда инфотур ұйымдастырды.
Сапар аясында Алматы мен Қазан ведомстволары арасында туризм және қонақжайлылық саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға және қазақстандық қонақүйлер мен мейрамханалар қауымдастығы Қазан мен Татарстанның рестораторлары мен қонақүйлер қауымдастығы арасында бірлескен көрмелер, конференциялар мен форумдар өткізуді, туроператорлар арқылы қалалардың туристік әлеуетін ілгерілетуді, сондай-ақ Қазан қаласында Алматы туризм саласындағы инвестициялық жобалармен роуд-шоуды жүзеге асыруды көздейтін меморандумға, қазақстандық туроператорлармен және авиакомпаниялармен ресейлік бизнес-қоғамдастық үшін B2B алаңын ұйымдастыруға қол қойылды.
Татарстан делегациясы мегаполистің маңызды мәдени, туристік, гастрономиялық нысандарын аралады, бірқатар жобаларды бірлесіп іске асыру және әріптестікті одан әрі дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.