Қазан қаласында Республика күні атап өтілді

Қазан қаласында Республика күні атап өтілді

Қазан, 2022 жылғы 21 қазан-Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы мен қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының Жастар қанатының қолдауымен Татарстан Республикасында Республика күніне орайластырылған концерт өтті.


ҚР Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Татарстан Республикасындағы “Қазақстан” қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Сагит Жақсыбаев, Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Депутаты Римма Ратникова, Татарстан халықтары Ассамблеясы Кеңесі атқару комитетінің басшысы Константин Яковлев құттықтау сөз сөйледі.


Іс-шараға сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, Татарстанның іскер топтары мен БАҚ, қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.