Ресейдегі қазақстандықтар Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс бере алады

Ресейдегі қазақстандықтар Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс бере алады

2022 жылғы 20 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.


Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары ҚР Қазан қаласындағы Бас консулдығында №301 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.


Сайлау учаскесі Мәскеу уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Қазан қаласы, Карл Маркс көшесі 8/13 үй (ҚР Қазан қаласындағы Бас консулдығының ғимараты). Сайлау учаскесіне келген кезде өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.

Сайлаушылар тізіміне ену үшін форманы толтыруларыңызды сұраймыз.