
Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов пен Р.Вагапов атындағы татар мәдениеті қоғамдық қорының директоры Рифат Фаттаховтың театр және концерттік іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша кездесуі өтті.
Ү.ж. 27 қазанда Қазан қаласында өтетін Түркі халықтары эстрадасының “Восточный базар” халықаралық фестивалінің хэдлайнері ретінде халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Зарина Божакова ұсынылды.
“Восточный базар” – бұл түркі халқының түрлі елдері мен мәдени қауымдастықтарын біріктіретін Ресейдегі алғашқы ірі халықаралық музыкалық фестиваль. Фестиваль туыс халықтардың көп жылдық мәдени байланысын жандандыруға, түркі халықтары эстрадасының шығармашылық әлеуетін халықаралық деңгейде дамытуға бағытталған.