2022 жылғы 12-17 тамыз аралығында Екатеринбург қаласында Еуразия құрлығының алғашқы дебюттік фильмдерінің “алтыдан бір” халықаралық кинофестивалі өтті. Кинофестивальде 18 елден 46 кинокартина ұсынылды, олардың ішінде: Ресей, Түркия, Германия, Словения, Иран, Франция, Израиль, Сербия, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан және басқалар.
Қазақстаннан ұсынылған екі фильм жүлделі орындарға ие болды.
Ең үздік халықаралық ойын дебюті “Домашний очаг” фильмі болды.
Халықаралық “алтыдан бір” дебюттік фильмдер кинофестивалінің Гран-при жүлдесін режиссер Айжан Қасымбекова алды.