Қазақстан Ульяновск облысымен ынтымақтастықты дамытады

Қазақстан Ульяновск облысымен ынтымақтастықты дамытады

Қазақстан Республикасы мен Ульяновск облысы арасындағы экономика және сауда саласындағы бірқатар бірлескен жобалардың кеңеюі күтілуде. Соның бірі: ұшақтарды бояу саласындағы ынтымақтастық. 2012 жылдан бастап Ульяновскіде орналасқан "Спектр-Авиа" АҚ қазақстандық авиакомпаниялармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді, жыл сайын мұнда "SCAT" авиакомпаниясының алты-жеті әуе кемесі боялады. Биыл "AirAstana" компаниясымен ынтымақтастық орнату жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қазақстан Ульяновск облысы үшін маңызды экспорттық бағыт болып табылады. Соңғы он жыл ішінде республикаға 32 мың "УАЗ" автокөлігі жіберіліп, қосалқы бөлшектерді тұрақты жеткізу жүзеге асырылуда.

"Мен ерекше назар аударғым келетін мәселе – бұл автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастығымыз. Жылма-жыл біздің елде адамдар көлік таңдаған кезде "УАЗ" таңдайды. Бұл сенімді және сапалы автомобиль. Қазақстанда жұмыс істейтін және құрамдас бөлшектерді шығаратын құрастыру зауыттары. Бұл біздің ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді", – деді Қазақстанның Қазандағы бас консулы Жанболат Мурзалин Ульяновск облысының губернаторы Сергей Морозовпен кездесуінде.

Бүгін, 20 ақпанда, қазақстандық делегация Ульяновск автомобиль зауытында болып, кәсіпорын басшылығымен Өскемен мен Қостанайдағы екі құрастыру цехын дамыту жоспарларын талқылайды.