ҚР-ның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Қазан федералдық университетінің Императорлық залында өткен "Қазанның БҰҰ моделінің" салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

ҚР-ның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Қазан федералдық университетінің Императорлық залында өткен "Қазанның БҰҰ моделінің" салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Ү.ж. 30 наурызында ҚР-ның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Қазан федералдық университетінің Императорлық залында өткен "Қазанның БҰҰ моделінің" салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.


Іс-шараға Қазан қаласында аккредиттелген консулдық өкілдіктердің басшылары, Татарстанның мемлекеттік органдарының, ғылыми және студенттік топтарының өкілдері қатысты.


ҚР Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелігінің 30 жыл ішіндегі көпжақты дипломатия саласындағы үлесі, адамдардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, Алматыдағы орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын институттандыру және т. б. туралы айтып берді.


Адамзат өркениетін сақтаудың жоғары идеясымен біріктірілген және өз елдерінің де, жалпы әлемнің де тұрақты дамуына өз үлесін қосатын "БҰҰ моделінің" қазіргі заманғы жас көшбасшылары да қазіргі әлемдегі көпжақты ынтымақтастықтың маңызы туралы пікірімен бөлісті.