
Ү.ж. 25-наурызында Башқұрстан Республикасының Басшысы Р.Хабиров, ҚР Қазан қаласындағы Бас консулы Е.Ысқақов және ҚР Ұлттық музейінің директоры А.Мұхамедиұлы Башқұртстан Республикасының Ұлттық мұражайында "Ұлы дала. Кеңістік. Уақыт. Мәдениет" атты көрменің салтанатты ашылуына қатысты.
БР Басшысы Р.Хабиров құттықтау сөз сөйлеп, "Башқұртстан тұрғындары бүкіл әлемге әйгілі "сармат алтыны" топтамасымен бір қатарда тұрған Қазақстанның экспозициясын лайықты бағалайтынын" атап өтті. Көрмені өткізуді ұйымдастыру туралы уағдаластыққа өткен жылғы қыркүйекте Башқұртстан Республикасы Басшысының Қазақстанға сапары шеңберінде қол жеткізілді.
Өз кезегінде, қазақстандық дипломат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстанның Ұлттық музейі ұйымдастырған "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" жобасын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, тұрақты негізде ғылыми алмасу және бірлескен археологиялық зерттеулер жүргізу қажеттігіне назар аударды. Қонақтарды "Наурыз" мерекесімен құттықтап, Башқұртстан Үкіметіне іс-шараны ұйымдастыру бастамасы үшін алғыс айтты.
"Алтын адам" 20-ға жуық елде болды және бұл жоба шетелдік көрермендерді Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасымен, сол уақыттың мәдениеті мен тұрмысын көрнекі түрде көрсететін 150 артефакт экспозицияларымен таныстырады.