
Ү.ж. 16 наурызында ҚР Қазан қаласындағы Бас консулы Е. Ысқақов Татарстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Л. Фазлееваның төрағалығымен өткен "Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) жастар астанасы-2022" мәртебесін Қазан қаласына беруді ұлықтау рәсіміне қатысты.
ИЫҰ жастар астанасы ретінде Қазан 2022 жылы ИЫҰ елдерінің Жастар ісі жөніндегі министрлерінің қатысуымен Жаһандық жастар саммитін, мұсылман мәдениетінің халықаралық жастар фестивалін, халықаралық ат жарыстарын, жас кәсіпкерлер форумын, Жас дипломаттардың дәстүрлі форумын, мұсылман киносы фестивалін және ИЫҰ елдерінің жастар кинофестивалін және т. б. бірқатар халықаралық іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.
Бұл оқиға әсіресе Волжск Болгариясының исламды қабылдауының 1100 жылдығын мерекелеу қарсаңында өтуімен ерекше. Жеңімпаз қала халықаралық ынтымақтастықты дамытуда және инфрақұрылымды дамыту үшін серіктестерді тартумен айналысуда.