Ү.ж. 22 ақпанында ҚР Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Татарстан Республикасы Ғылым академиясының Археология институтының директоры Айрат Ситдиковпен кездесті.

Ү.ж. 22 ақпанында ҚР Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Татарстан Республикасы Ғылым академиясының Археология институтының директоры Айрат Ситдиковпен кездесті.

Ү.ж. 22 ақпанында ҚР Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Татарстан Республикасы Ғылым академиясының Археология институтының директоры Айрат Ситдиковпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей ғалымдарының Мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу және қалпына келтіру саласындағы жемісті серіктестігі туралы аталып өтілді. Ғалым тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріне қатысты жүргізіліп жатқан іс-шаралар және нысандарды зерттеудің заманауи әдістерін қолдану туралы айтып берді.

Ерте орта ғасырлардан қазіргі кезеңге дейінгі Еділ-Орал өңірі, Орталық Азия елдері мен халқының тарихын қайта құру және бірлескен жұмыстардың ауқымын ұсына отырып, ҚР және ТР сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.