
Ү.ж. 18 ақпанында ҚР Бас консулы Е. Ысқақов ТР Президенті Р. Миннихановтың "Алабуга"ОАЗ-да қатысуымен өткен ТР Өнеркәсіп және сауда министрлігінің қорытынды алқасына қатысты.
2021 жылдың қорытындылары тыңдалып, 2022 жылы ТР өнеркәсіптік кластерлерді дамытудағы перспективалар ұсынылды.
ҚР-да іске асырылып жатқан "КАМАЗ", "Татнефть" инвестициялық жобалары, сондай-ақ "Қазан тікұшақ зауыты", "Иннополис" университеті, "Казаньэкспресс" және тағы да басқалардың Қазақстанмен перспективалық ынтымақтастығы аталып өтілді, жоғарыда жазылған компаниялар ҚР Президенті Қ-Ж. Тоқаевқа 2022 жылғы 10-11 ақпандағы Татарстанға жұмыс сапары аясында таныстырылған болатын.