Қазанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өтті

Қазанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өтті

Қазан, 2021 жылғы 14 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Бас консулдығының қолдауымен Қазан қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының концерті өтті.

Концерттің ашылуында Қазақстан Республикасының Бас консулы Ерлан Ысқақов, Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшин сөз сөйледі. Іс-шараға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, Татарстанның іскерлік орталары мен БАҚ, дипломатиялық корпус, қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, шақырылған тұлғалардың назарына картиналардың тақырыптық сериясы ұсынылып, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму кезеңдерін көрсететін бейнеролик көрсетілді.