Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Қазан федералдық университетінің ректоры Ильшат Гафуровпен кездесті

Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Қазан федералдық университетінің ректоры Ильшат Гафуровпен кездесті

2021 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Қазан (Приволжск) федералдық университетінің ректоры Ильшат Гафуровпен кездесті.


Кездесу барысында тараптар жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, консулдықпен бірлескен мәдени-ағарту іс-шараларын ұйымдастыру перспективаларын талқылады. Университетте Қазақстанның 570-ке жуық азаматы білім алуда және республиканың 28 ғылыми-білім беру орталықтарымен жасалған келісімдер шеңберінде ынтымақтастықты іске асырады.


Сонымен қатар, Нұр-сұлтан қаласындағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында - Қазақстан Республикасында татар тілі мен мәдениетін қолдау, дәріптеу және дамыту мақсатында құрылған "Каюм Насыри институты" білім беру-мәдени Орталығы өз қызметін жүзеге асыруда.


Кездесу соңында университеттің құрылуы мен даму кезеңдерімен таныстыратын презентация көрсетілді.