ҚР қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің 25-отырысына қатысты

ҚР қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің 25-отырысына қатысты

Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановтың Республиканың ішкі және сыртқы жағдайы туралы Татарстан Республикасының Мемлекеттік Кеңесіне жыл сайынғы Жолдауына орай Мемлекеттік Кеңестің 25-ші отырысына қатысты.

Парламентке жыл сайынғы Жолдауында республика Басшысы Татарстанның одан әрі кешенді даму стратегиясын және экономиканы, әлеуметтік саланы, мәдениетті тиімді дамыту бойынша барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар қызметінің бағдарламасын айқындады.

Отырысқа Татарстан Үкіметінің мүшелері, республиканың муниципалитеттерінің, мекемелерінің, кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары, қоғам, консулдық корпус және бизнес өкілдері шақырылды.