ҚР Премьер-Министрі А.Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М.Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті

ҚР Премьер-Министрі А.Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М.Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті.

 

Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин арасындағы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шаралар туралы уағдаластықтардың практикалық іске асырылуын талқылады.

 

Үкімет басшылары бүгін Қарағанды қаласында іске қосылған "Спутник V" вакцинасының өндірісі және қазақстандықтарды алдағы вакцинациялау ҚР-дағы тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтауға үлкен үлес қосатынын атап өтті.

 

Сондай-ақ әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.