Меню

Страницы

Статья

Ульянов облысы Қазақстан өңірлерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Ульяновск, 2024 жылғы 19 қаңтар – Симбирск өлкесі күні мен Ульянов облысының құрылғанына 81 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов өлке Губернаторы Алексей Русскихпен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Ульянов облысы арасында делегациялар алмасудың белсенді қарқынын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың үдемелі дамуын атап өтті.

Қазақстандық дипломат еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың, 2024 жылы өткізілетін өкілді саммиттер мен форумдардың іске асырылуы туралы хабардар етті. Екіжақты қарым-қатынастарды дамыту перспективасы бар екенін, әлеуеті таусылмағанын атап өтті. Атап айтқанда, экспорттық позициялардың 2,3 есе өскені ынталандырушы фактор болуы мүмкін. Бас консулдықтың жоспарында өңіраралық өзара іс-қимылды дамытуға ықпал ететін Ульяновск қаласында Қазақстан Республикасының құрметті консулының кеңсесін ашу.

Өз кезегінде А. Русских серіктестік қатынастарды дамытуға өзара қызығушылық танытып, ынтымақтастық спектрін кеңейту ниетін білдірді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ульянов облысымен сыртқы сауда айналымының көлемі тауар айналымының жалпы көлемінің 10,0% құрады және Қазақстан өңірдің шетелдік серіктесі ретінде екінші орында. Негізгі экспорттық позициялар –  жер үсті көлігі құралдары, реакторлар, қазандықтар және олардың бөліктері, жиһаз, пластмасса, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар және т. б. Ульянов облысы білім беру саласында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделі, онда Қазақстанның 36-ға жуық студенті оқиды.

Сонымен қатар, дипломат губернатордың атынан Симбирск өлкесінің күнін және Ульянов облысының құрылғанына 81 жыл толуын мерекелеуге қатысты.

Дата публикации
24 января 2024
Дата обновления
24 января 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

16 апреля 2025
ЖСН ресімдеуге өтініштерді қабылдау жөніндегі пилоттық жобаны қайта бастау туралы
Ақпарат
30 марта 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
Ақпарат
24 марта 2025
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары