Меню

Страницы

Статья

Абай облысы мен Татарстан өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруда

Қазан, 2023 жылғы 11-12 желтоқсан – Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев бастаған қазақстандық делегацияның Татарстан Республикасына сапары өтті. Делегация құрамына Абай облыстық мәслихатының төрағасы Қуаныш Сүлейменов, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдіралиев, Alikhan Bokeikhan University ректоры Александр Қойчубаев, сондай-ақ облыстың мемлекеттік органдарының, іскер, ғылыми және қоғамдық топтарының өкілдері кірді.

Бұл сапар Татарстан Республикасының Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшиннің Семей қаласына сапары барысында 2022 жылғы 9-10 қыркүйекте қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы болды.

Делегация Татарстан Республикасы Раисы Р. Миннихановпен, Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Ф. Мухаметшинмен, Қазан қаласының әкімі И. Метшинмен, Татарстан Республикасының инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің төрағасы Т. Минуллинамен, Татарстан Республикасының Сауда-Өнеркәсіп палатасының төрағасы Ш. Агеевпен кездесулер мен келіссөздерге қатысты. Сонымен қатар, делегация «Иннополис» арнайы экономикалық аймағы, «Иннополис» университеті, «Химград» технополисі, Қазан федералды және мемлекеттік медициналық университеттері, Б. Рамеев атындағы IT-паркі және т.б. жұмысының негізгі бағыттарымен танысты. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және өңірлік ынтымақтастықты одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті.

Бұл тақырып іскер топтар өкілдерінің қатысуымен өткен форум барысында өз жалғасын тапты. Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов еліміздегі мемлекеттік өмірдің барлық салаларының жан-жақты жаңаруын, әлеуметтік-экономикалық дамуын және Қазақстандағы қолайлы инвестициялық және іскерлік ахуалды атап өтіп, құттықтау сөз сөйледі. Өнеркәсіптік кооперациядағы ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Форум аясында Абай облысының және Татарстан кәсіпорындарының экспорттық және инвестициялық әлеуетінің тұсаукесерлері ұсынылды. В2В кездесулері өтті, іскерлік делегациялармен өзара сапарлармен алмасу және екіжақты сауда байланыстарын дамыту мәселелері талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша Абай облысы мен Татарстан Республикасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға, Иннополис университеті мен Alikhan Bokeikhan University арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою және Қазан қаласының қоғамдық орындарының бірінде қазақ ақыны және жазушысы Абай Құнанбаевқа бюст орнату ұсынылды.

Дата публикации
18 января 2024
Дата обновления
18 января 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

16 апреля 2025
ЖСН ресімдеуге өтініштерді қабылдау жөніндегі пилоттық жобаны қайта бастау туралы
Ақпарат
30 марта 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
Ақпарат
24 марта 2025
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары