Меню

Страницы

Статья

Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл

Қазан, 2022 жылғы 17 қазан-Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы ғалым-филолог, жазушы, драматург, Қазақ фольклорының білгірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовке арналған мерейтойлық іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараға ҚР Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мәдениеттанушы, дипломат, филология ғылымдарының кандидаты Мұрат Әуезов, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының халықаралық байланыстар және әлемдік әдебиет бөлімінің меңгерушісі Светлана Ананьева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (ҚазҰПУ) оқытушысы Роза Бақбергенова, Қазан федералды университеті филология және халықаралық коммуникация институтының (ҚФУ ФХКИ) Ғабдолла Тукай атындағы ұлттық мәдениет және білім беру мектебінің Деканы Рамиль Мирзагитов, ҚФУ ФХКИ Каюми Насыри институты Орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Альфия Юсупова, сондай-ақ филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚФУ ФХКИ оқытушысы Гүлфия Гайнуллина және ҚФУ студенттері, қазақ диаспорасы.

Конференция барысында қонақтар жазушының өмірбаянымен және шығармашылығымен танысты, Мұхтар Әуезовтің қазақ және татар тілдерінде танымал шығармалары таныстырылды, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері музыкалық аспаптарда Мұхтар Әуезовтің сүйікті әндерін орындады.

Дата публикации
12 января 2024
Дата обновления
12 января 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

16 апреля 2025
ЖСН ресімдеуге өтініштерді қабылдау жөніндегі пилоттық жобаны қайта бастау туралы
Ақпарат
30 марта 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
Ақпарат
24 марта 2025
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары