Меню

Страницы

Статья

ҚР РФ Елшісі Д. Абаевтың Татарстанға жұмыс сапары өтті

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың Татарстан Республикасына жұмыс сапары өтті.

Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановпен кездесу барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігін одан әрі тереңдету тұрғысынан өзара іс-қимылдың жай-күйі мен болашағы талқыланды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 758 миллион АҚШ долларын құраса, 2023 жылдың бірінші тоқсанында ол 45 пайызға өсті.

Рустам Минниханов сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, мұнай-химия және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты дамыту үшін айтарлықтай әлеует бар екенін атап өтті.

Өз кезегінде Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Татарстанның Республика күнімен құттықтауын жеткізіп, соңғы жылдары ынтымақтастық жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін еске салды. Ол Қазақстан мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, ақпарат және коммуникация салаларындағы байланыстарды нығайтуға, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Сапар барысында Елші Татарстанның мұнай-газ химиялық форумына қатысты. Шара аясында Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға мүдделі компаниялармен келіссөздер жүргізді.

Сонымен қатар, Дәурен Абаев жергілікті қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті. Кездесуде қазақ тілін үйренуге қатысты отандастарды толғандыратын өзекті мәселелер, бірлескен гуманитарлық жобалар қозғалды.

Дата публикации
12 января 2024
Дата обновления
12 января 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

16 апреля 2025
ЖСН ресімдеуге өтініштерді қабылдау жөніндегі пилоттық жобаны қайта бастау туралы
Ақпарат
30 марта 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
Ақпарат
24 марта 2025
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары