Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары бекіткен ҚР қолданыстағы нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының Консулдық Жарғысына және Қазақстан Республикасы 1993 жылдың көктемінде қосылған 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясына сәйкес ҚР азаматтары мен шетел азаматтары үшін қызметтер көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және консультация жүргізу күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерден басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі
Дайын құжаттарды беру уақыты
сағат 16.00-ден - 17.00-ге дейін жүргізіледі
Байланыс телефондары:
Сонымен қатар, азаматтарды қабылдау сағат 9.30-дан 12.30-ға дейін жүргізілуіне орай, сондай-ақ құжаттарды өңдеу қажеттілігіне байланысты, қоңыраулар мәскеу уақытымен (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін қабылданатынын хабарлаймыз.
Консулдық мәселелер бойынша қоңырау шалуға арналған телефон: 8 (843) 202 05 92;
Сауда-экономикалық, мәдени мәселелер бойынша қоңырау шалуға арналған телефон: 8 (843) 202 05 52
Шұғыл қоңырауларға арналған жедел желі телефоны: +7 905 020 30 42;
Бас консулдықтың консулдық округінің аумағында орналасқан, шұғыл не төтенше жағдайға тап болған Қазақстан Республикасы азаматтарының шұғыл хабарламалары үшін! Жедел байланыс телефоны бойынша анықтамалық ақпарат берілмейді!
E-mail: kazan@mfa.kz (E-mail-ге өтініш жолдаған кезде, Ресейде тұратын жеріңіз бен байланыс телефон нөмірін көрсету қажет)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелері:
Демалыс және мереке күндері сәйкес келсе, мерекеден кейінгі келесі жұмыс күні демалыс күні болып табылады
1, 2 қаңтар – Жаңа жыл
7 қаңтар – Рождество Христово
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
21 - 23 наурыз – Наурыз мейрамы
1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні
9 мамыр – Жеңіс күні
6 шілде – Астана күні
30 тамыз – Конституция күні
25 қазан – Қазақстан Республикасы күні
16, 17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні
Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні