
Кабул, 17 наурыз - Қазақстан тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы УСӨ Ғ.И. Ақбасов Ауғанстанның шахталар және мұнай министрінің м.а. Х. Бадримен кездесті.
Кездесу барысында Ғ. И. Ақбасов қазақстандық кәсіпкерлер тарапынан Ауғанстанның тау-кен өндіру секторына, атап айтқанда, мұнай, газ, қорғасын және мырыш сияқты салаларға инвестиция салуға қызығушылық білдірді.
Өз кезегінде Х.Бадри қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің басшысын жылы қарсы алып, екіжақты қатынастарды нығайту үшін жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.