
Алматы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша Өңірлік орталығы мәртебесіне ие болды.
2025 жылғы 4 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ТДМ бойынша Өңірлік орталық құру туралы қарарды бірауыздан мақұлдады. Бұл құжатты БҰҰ-ның 152 мүше мемлекеті қолдады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы қазақстандық бастаманы қолдаған барлық серіктестерге ризашылығын білдірді.
Алматыда орналасқан бұл орталық аймақтағы халықаралық күш-жігерді үйлестірудің негізгі алаңына айналып, Орталық Азия мен Ауғанстанның тұрақты дамуына ықпал ететін болады.