
14 ақпан, Кабул қаласы-Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы миссиясының басшысы Ғ. Ақбасов мырза байланыс министрінің м.а. Наджибулла Хаят Хаккани мырзамен кездесті.
Кездесуде Ауғанстандағы цифрлық басқару, технологиялар және телекоммуникация секторы мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы миссиясының басшысы технологияларды дамыту саласындағы Ауғанстанмен ынтымақтастықтың маңыздылығын және осы салада Ауған мамандарымен тәжірибе алмасуды атап өтті.
Ауған тарапы екіжақты ынтымақтастық негізінде Ауғанстанның дамуында айтарлықтай прогреске қол жеткізілетінін атап өтті.