
Кабул қаласы, 28 қаңтар 2025 ж. - ҚР Ауғанстандағы Уақытша Сенімді өкілі Ғ. Ақбасовтың Әзірбайжан Республикасының Ауғанстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі И. Н. Мамедовпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында жағдайды тұрақтандыру және Ауғанстандағы қауіпсіздікке төнетін қатерлердің таралуына жол бермеу мәселелері, сондай-ақ гуманитарлық көмек мәселелері талқыланды.