
14 қаңтар, Кабыл қаласы - Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы Уақытша сенімді өкілі Ғ. И. Ақбасов Түрікменстан Республикасының Ауғанстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Х. С. Овезовпен кездесті
Екі тарап Ауғанстандағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудағы екі елдің ынтымақтастығына ерекше назар аудара отырып, өңірлік және халықаралық ахуалдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Түркіменстанның сауда-экономикалық саладағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға бейілділігін және Қазақстан мен Түркіменстан екіжақты қарым-қатынастардың жақсы даму динамикасын, сондай-ақ саяси өзара сенімнің жоғары деңгейін қолдайтын жақсы достар және серіктестер екенін атап өтті.