24-26 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Вице-министрі Қ.Қ.Төребаевтың басшылығымен отандық делегация Ауғанстанға ресми сапармен келді

24-26 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Вице-министрі Қ.Қ.Төребаевтың басшылығымен отандық делегация Ауғанстанға ресми сапармен келді

26 желтоқсан, Қабыл қаласы -  Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Вице-министрі Қ.Қ.Төребаевтың басшылығымен отандық делегация Ауғанстанға ресми сапармен келді.

Аталған сапар барысында Елшіліктің белсенді қатысуымен делегация Ауғаныстанның Өнеркәсіп және сауда, Қоғамдық жұмыстар, Тау-кен өнеркәсібі және мұнай, Көлік және авиация, Байланыс және ақпараттық технологиялар және Ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және суару министрліктерінің басшылығымен бір қатар екі жақты кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілік пен Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымына 3 млрд. АҚШ долларына дейін қол жеткізу бойынша бекітілген «Жол картасы» шеңберінде ынтымақтастықты дамытуға дайындығын және экономикалық бастамаларын іс жүзінде іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Темір жол саласында Қазақстандық тарап отандық зауыттардың рельстер мен таяқтарды жеткізу саласындағы мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды. Жақын арада Ауғанстан тобының материалдарды импорттау мәселесін зерделеу үшін ҚР тиісті зауыттарына баруы туралы шешім қабылданды.

Байланыс және коммуникация мәселелері бойынша екі жақ цифрлық басқару, жүйелерді дамыту, киберқауіпсіздік және деректер орталығының технологиялары саласындағы әлеуетті арттыру саласындағы ынтымақтастықты арттыру қажетілігін оның ішінде Ауғанстан Үкіметі үшін GOVTECH шешімдерін енгізу мәселесін пысықтауды жөн деп таныды.

Ауыл шаруашылығы саласында тараптар карантин және өсімдіктерді қорғау, сондай-ақ ветеринариялық мәселелер саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мәселесін пысықтауға келісіп, фьючерстік мәмілелер жасасу арқылы қазақстандық бидайды сатып алу және қазақстандық тыңайтқыштарды пайдалану туралы уағдаласты.